Жер реформасы

ЖЕР  РЕФОРМАСЫ-2018

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 151-VІ ЗРК «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  қабылданған. Жер кодексіне жер құқық қатынастары институтын жетілдіру, отандық жер пайдаланушылар мен ауыл шаруашылық жерлерді жалға алудың тиімділігін арттыру, шаруа және фермер қожалықтарына жерлерді ұтымды пайдалану рәсімдерінің анықтығын қамтамасыз ету, жер учаскелеріне құқық беруге бағытталған бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілген.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері жеке меншікке және уақытша жер пайдалануға берілмейді.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында орналасқан жер учаскелері шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына меншік құқығымен тиесілі болмайды.

Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиған (ерлі-зайыпты болған) кезде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелеріне меншік құқығы қайта ресімделуге немесе иеліктен шығарылуға жатады.

Ауыл шаруашылық жерлерін жалға бер институтын жетілдіру мақсатында регламенттік толығырақ конкурс негізінде ауыл шарушылық жерлерін табыстау ережелері енгізілді.

Бұдан бөлек, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін әзірленуде.

Мал шаруашылығын мал жайылымы үшін мал жайылымы жетіспеушілігімен проблеманы шешу үшін заңда елді мекендердің айналасында халықтың жеке шаруашылықтарын қамтамасыз ету үшін халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдық жерлер анықталатын нормалар қарастырылған.

Осы аумақтарда  ҚР жеке және заңды тұлғаларына жалға беруге  тыйым салынатын болады. Бүгінде елді мекендердегі жайылымдардың көпшілігі жеке тұлғалардың жер пайдалануына тиесілі екенін ескере отырып, әкімдіктерге халықтың мұқтаждықтары үшін жайылымдық жерлерге деген сұраныстарын ескере отырып, оларды мәжбүрлер алуға мүмкіндік беріледі.

Сол уақытта ауылшарушылық жерлерін нысаналы мақстаны сай пайдаланбау бойынша заңға толықтырулармен өзгерістер енгізілді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап қатарынан екі жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Жер учаскесін еңсерілмейтін күш салдарынан мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт бұл кезеңдерге кiрмейдi

1) егістікте – жер учаскесін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін өңдеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілмеуі

2) шабындықтарда – жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;

3) жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы.

4) көпжылдық екпелерде – егісті күтіп өсіру, жинау жұмыстарының жүргізілмеуі және есептен шығарылған көпжылдық екпелердің тамырларының алынбауы жатады.

Бұдан басқа, маңызды жаңалық – мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін ерекше жағдайлардың тізбесіне енгізу, халықтың жер учаскесіне сұранысын қамтамасыз ету қажеттілігі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне жер учаскелеріне құқық беру процедураларының ашықтығын арттыруға бағытталған елеулі толықтырулар енгізілді.

Осылайша, жер комиссиясы – жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган, ол жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындыларды дайындау үшін осы Кодекстің 43-бабына сәйкес құрылады.

Сондай ақ, жер комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді. Жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс.

Сонымен қатар, жер комиссиясының отырысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. Жер комиссиясы отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау тәртібін, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін орталық уәкілетті орган айқындайды.

Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты жер учаскесін беру негізін, нысаналы мақсатын, алаңын, орналасқан жерін, құқық түрін, жалға алу мерзімін көрсете отырып, халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының интернет-ресурсында ай сайын, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында кемінде тоқсанына бір рет жариялау арқылы орналастыруға міндетті.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты өткізу (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастырылады. 

ММ «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы»