«Қырғы базар» туристік аймаққа айналмақ

Шымкент қаласындағы «Қырғы базар» туристік аймаққа айналмақ. Қараша айының соңында бұл аумақты үлкен өзгерістер күтіп тұр.

Жауапты мамандардың айтуынша, «Қырғы базар»-дың кіреберіс алаңында жаңа гүлзар пайда болады, сондай-ақ кіреберіс қақпалары қалпына келтіріледі. Олар шығыстық үлгіде жасалынбақ.

Жоспар бойынша, базардың алды ғана емес, базардың өзі де жаңа кейіпке енбек.

– Бұл жер тұрғындарға қолайлы әрі жанға жайлы демалыс сыйлайтын аумақ болады деп көзделіп отыр. Мұнда келушілердің қауіпсіздігі үшін Face ID және Touch ID жүйесін іске қосу да жоспарда бар, – дейді әкімдік өкілдері.