Табиғат пайдаланушылардың назарына!

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 152-бабының 2-тармағына сәйкес Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде іске асырылған Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын http://oos.energo.gov.kzинтернет ресурсында жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 154-бабы мен 1-бабының 71-тармағына сәйкес табиғат пайдаланушылар (табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті жыл сайын 1-қаңтардағы жағдай бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1-наурызына дейін ұсынады.

Есеп нысаны Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №352 бұйрығымен бекітілген.