Шымкентте жылу беру маусымы жоспардан ерте басталады

Шымкент қаласында жылу жылдағы жоспардан ерте беріле бастайды. Қазіргі таңда «3-энерго орталық» АҚ жүйелерді сумен толтыруда. 12 қазаннан бастап су температурасы көтеріледі дейді мамандар.

 

15 қазаннан бастап барлық бюджеттік ұйымдарға жылу беріледі. Ал 20 қазаннан бастап көпқабатты үйлерге жулы қосылады.

 

Еске сала кетейік, ережеге сәйкес Шымкентте жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура үш күн бойы +8 градустан төмен болған кезде басталады. Алдағы күндері сынап бағанасы +21 градусқа дейін көтеріледі деп күтілсе де қала әкімдігі барлық бюджеттік ұйымдарға, әсіресе ауруханаларға, мектептер мен балабақшаларға жылу беруге шешім қабылдап отыр.

 

Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте ауа температурасы жексенбі, 14 қазан күні ғана төмендецді деп күтілуде.