Шымкентте «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспанаға құжат қабылданады

2019 жылдың 5 сәуірінде (сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін) «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін кредиттік тұрғын үйлерге құжаттар қабылданады. Құжаттар төлем қабілеттілігі бар азаматтардан 1 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Берілетін тұрғын үйлерде 246 пәтер бар, оның ішінде бір бөлмелі пәтер – 82 дана, екі бөлмелі пәтер – 82 дана, үш бөлмелі пәтер – 82 дана.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарнасы – 20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін берілетін несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

– Қазақстан Республикасының азаматы;

– Ипотекалық несиелердің болмауы;

– Табыстың болуы;

– Баспананың болмауы.

Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 8 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «АТФ банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Сбербанк»АҚ.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес үміткерлер белгілі бір пәтер түріне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1. Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

2. Өтініш беруші мен онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

3. ипотекалық жылжылмайтын мүлік үй қарыздарының жоғын дәлелдейтін кредиттік бюронің кредиттік есебі.

Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады. Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.

Өтінімдер мен құжаттар Шымкент қаласы әкімдігінің Халықтық кеңсесінде қабылданады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы , №12а, 1-қабат.