Шымкент қаласы әкімдігі басқармаларының атауы өзгерді

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен өткен сессия отырысында «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

Шымкент қаласы əкім аппаратының басшысы Е.Əлімқұлов қалалық мəслихат депутаттарының назарына Шымкент қаласындағы үш басқарманың атауын редакциялауды ұсынды. Шымкент қаласы мəслихатының депутаттары бірауыздан қолдады.

 

Шымкент қаласының басқару схемасының: 

«Туризм жəне сыртқы байланыстар басқармасы» деген жолы «Туризм басқармасы» болып; 

«Мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасы» деген жолы «Шымкент қаласының мəдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы» болып; 

«Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету жəне архивтер басқармасы деген жолы «Цифрландыру басқармасы» болып өзгерту енгізілді. 

 

Аталған өзгерістерді Шымкент қаласы мəслихатының депутаттары бірауыздан мақұлдады.