Назар аударыңыз, сауалнама!

«Нұр Отан» партиясы бастаған «Кедергісіз келешек» жобасын қолдау мақсатында және «Қасиетті жол» қоғамдық қорынан 2018 жылдың желтоқсан айында түскен хатты негізге ала отырып, тұрғындардың коммуналдық қызметтердің төлем түбіртегін әлеуметтік осал топтарға көмектесу құралы ретінде қолдануға дайындығын анықтау мақсатында Шымкент тұрғындары арасында сауалнама жүргізу шешімі қабылданды.

Сауалнама оң нәтиже берген жағдайда ай сайынғы төлем түбіртектерінде қайырымдылық қорларының бірінің аты жазылған жолақ қосылады (сомасы жазылмайды). Қайырымдылық қорының атауы келіп түскен өтініштерге байланысты уақыт салып өзгеріп тұрады. Көрсетілген ұйымға көмек беруді ұйғарған тұрғын сол ұйымға бере алатын қаржысын өзі жазады. Төленген қаржы көрсетілген қайырымдылық қорының есеп-шотына тікелей аударылады.

Бұл әдіс тұрғындарға еліміздегі көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің қосымша мүмкіндігі ретінде ұсынылады.

«Коммуналдық қызмет төлемдерінің түбіртегімен қайырымдылық жасауға ЕРІКТІ түрде үлес қосу мүмкіндігін қолдайсыз ба?» атты сауалнамаға сілтеме арқылы өтіп, жауап бере аласыздар.