Хабарландыру

Тікелей келіссөздер арқылы «Шымкент қаласында Бейбітшілік даңғылы, 2Б үй мекенжайы бойынша амбулаториялық-емханалық көмек қызметтерін көрсету үшін қалалық емхана ашу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

«Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44 бабына және 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар)  133 тармағына сәйкес тікелей келіссөздер арқылы  «Шымкент қаласында Бейбітшілік даңғылы, 2Б үй мекенжайы бойынша амбулаториялық-емханалық көмек қызметтерін көрсету үшін қалалық емхана ашу және пайдалану»мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) Әлеуетті жекеше әріптестің бастамашылық жасайтыны  туралы хабарлайды.

1. Түскен өтінім шеңберінде тауар, жұмыс және қызметтердің нақты қажеттілігі: МЖӘ жобасын Шымкент қаласының бекітілген 20 000 астам ересектері мен балаларына амбулаториялық-емханалық көмек қызметін көрсететін бір ауысымда 300 адам қабылдайтын қалалық емхананың жұмыс істеуі үшін медициналық техникамен, жиҺазбен жабдықталған, жеке тұрған жалға алынған, жекеменшік иелігінде тұрған, Шымкент қ. Бейбітшілік, 2Б үй мекенжайда  орналасқан,   жылжымайтын мүлік нысаны базасында іске асыру шамаланып отыр;

2.Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар қатарына жатуы:

МЖӘ жобасы техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар қатарына жатпайды.

  1. МЖӘ жобасын іске асыру шарттары:

а) МЖӘ жобасының құны – 952 724 мың теңге. Қаржыландыру көздері – Жекеше әріптестің жеке және қарыздық қаражаттары;

б) Әлеуетті жекеше әріптестің медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензиясы және амбулаториялық-емханалық көмек қызметін көрсететін Отбасы денсаулығы орталығына (отбасы-дәрігерлік амбулатория), 2017 жылғы 31 мамырдағы №357 «Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерге сәйкестігін анықтайтын санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс.

в) МЖӘ Жобасын іске асыру мерзімі 10 жыл (120 ай).

г) Мемлекеттік әріптес МЖӘ Жобасы шеңберінде халықты тіркеуді іске асырады.

Жоба бойынша операциялық шығындарға өтемақы төлеу, сондай-ақ ТМККК және МӘМС шеңберінде шығындарды өтеу және олар бойынша тиісті төлемдер жүргізу ұйғарылады.

Қағиданың 131 тармағына сәйкес, мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерді алу көздерін ұсынудың экономикалық орындылығы, оның ішінде болжамды мүмкіндігі осы Қағидалардың 3-тарауының 13-параграфына сәйкес МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптама жүргізу шеңберінде айқындалады.

4.МЖӘ Жобасының мәні:

Жекеше әріптес Шымкент қаласының бекітілген ересек адамдарына және балаларына ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін амбулаториялық-емханалық көмек қызметін көрсететін (мемлекеттік меншікке өткізілмейтін) Қалалық емхана ашады (бұдан әрі – АЕК орталығы). Сондай-ақ Жекеше әріптестің қызметі менеджменттің жаңа нысандарын қолдану, көрсетілетін қызметтер сапасының халықаралық стандарттарын енгізу, дәрігерлерді материалдық және материалдық емес ынталандырудың жаңа әдістерін пайдалану жолымен АЕК орталығының жұмыс істеу тиімділігін жоғарылатуға бағытталған.

Жекеше әріптес МЖӘ Жобасы шеңберінде мынадай іс-шараларды іске асырады:

  • АЕК орталығының ғимаратын және іргелес жатқан аумақты жалға алу, ұстау;
  • емхананың жұмыс істеуі үшін үй-жайды жөндеу, қайта жаңғырту және жабдықтау (медициналық техника, оргтехника және жиҺаз сатып алу және орнату) және жобаның барлық кезеңінде пайдалану;
  • арнайы көлікті – жедел медициналық көмек автомобилін (1 бірлік) сатып алу немесе жалға алу.

5. МЖӘ Жобасынан күтілетін нәтиже:

  • бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсету (халық саны 20 000 адамнан кем емес);
  • бекітілген халыққа үйде медициналық көмек көрсету;
  • күндізгі стационар, үйдегі стационар (күндізгі стационардың 4 төсек-орнынан кем емес).

6.Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар:

Заңның 32 бабында белгіленген жалпы біліктілік талаптарына, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес болу.

7. Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер балама ұсынысты осы Хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі  тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге сәйкес ұсынады:

  1. әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын (заңды және нақты) көрсетеді;
  2. мемлекеттік тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін) көрсетеді;
  3. заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді көрсетеді;
  4. Қағидалардың 128 тармағына сәйкес әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын растайтын құжаттарды;
  5. медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензияны және медициналық қызмет көрсету үшін жылжымайтын мүлік нысанының сәйкестігін анықтайтын санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны;
  6. Қағидалардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған өтінім, бизнес-жоспар және қаржылық-экономикалық модельді қоса тіркейді.

Әлеуетті жекеше әріптестердің баламалы ұсыныстары өздерінің сипаттамалары мен параметрлері бойынша хабарламада көрсетілгендерге тең немесе жоғары (Мемлекеттік әріптес үшін жақсару жағына қарай) болуы керек.

Жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда, тиісті құжаттарды қолма-қол немесе жеткізілуі міндетті тапсырыс хатпен мына мекенжайға жіберу қажет:  Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Республика даңғылы 12-А, «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ.

Баламалы ұсыныстар осы Хабарлама жарияланған күннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.