Дәстүрлі қолөнерді қолдайық

Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Дәстүрлі қолөнерді қолдайық! » атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтуде.

Көрме-жәрмеңкеге заман талабына сай жүннен,  қыштан,  ағаштан,  темірден жасалған қолөнер бұйымдары мен әртүрлі металдан жасалған зергерлік бұйымдарын көптің назарына ұсынды. Аталған жәрмеңкеде ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаушы шеберлермен  бірге мектеп оқушылары жасаған бұйымдар қойылды.

Көрмені тамашалауға келген қонақтар Түркістан облысының аудандары мен Шымкент қаласынан қатысқан 40 -тан астам қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарды тамашалап қана қоймай, сатып алуға да мүмкіндіктері бар.