Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама

Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының 2019 жылдың  9 айы бойыншаішкі талдау нәтижелері

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі – Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі – 2019 жылдың 9 айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

персоналды басқару бойынша ;
мүдделер қақтығысын реттеу бойынша ;
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ;
рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша ;
бақылау функцияларын іске асыру бойынша ;
ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтентуындайтын өзге де мәселелер бойынша.

     Басқарманың ұйымдастыру-бақылау және қаржы жұмыстарын жүргізу бөлімінің қызметі бойынша мынадай бағыттар талданды.

         Қызметкерлерді басқару, оның ішінде кадрлардың алмасуы:

2019 жылдың 9 айында жалпы штат саны -29, нақты -23; оның ішінде        бос орындар – 6.  Сонымен қатар, 1 бөлім басшысы – басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты сот шешімімен 2 қызметші жұмыстан шығарылды.

Қаралып отырған кезеңде ҚР заң талаптарын бұзушылаққа жол берген 16 мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік шара қолданылған, оның ішінде: 10 бас маманға «ескерту», 2 жетекші маманға «ескерту», 3 бас маманға «сөгіс», 1 бөлім басшысына «сөгіс», 1 бас маманға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылған. Басқарманың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы тіркеу бойынша комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы бойынша тексерілді.

Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 11 шілдедегі №27 қаулысына сәйкес «Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» болып өзгертілген сәттен бастап басқарма ғимаратының көрнекті жерінде азаматтардан мемлекеттік қызметшілердің қызметіне байланысты арыздары мен өтініштерін  қабылдайтын арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жәшік орнатылған. Арыздар мен өтініштерді қабылдау жәшігі арнайы мөрмен бекітіліп, аптасына 1 рет түскен арыздар мен өтініштерді тіркеу жұмыстары жүргізіледі.  

2019 жылдың 9 айында Басқармаға жалпы құжат айналымы 14522 дананы құраған. Олардың 8408 азаматтық тұлғалардың өтініш-шағымдары, 474 заңды тұлғалардың жолданымдары, қалған 5 640 әкімдік немесе басқа да мемлекеттік органдарынан, ұйымдарынан, мекемелерден келетін өзге корреспонденциялар.

Өтініштің он бес күндік қарау мерзімін сақтамау фактілері: Заңның 8 бабы 1-тармағына сәйкес «қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады» – деген талабы бұзылып, 22 өтініш бойынша 15-күндік мерзімін өрескел бұза отырып жауап берілгендігі анықталды.

-Басқарманың жерлерді мемлекет мұқтажына қайтару бөлімімен 13 өтініш бойынша заң талаптарын бұзушылыққы жол берген:

Д.Алтынбай №16-06/ЖТ-Н-13713 (30 күн), Д.Алтынбай 16-06/ЖТ-К-13889 (30 күн), Д.Алтынбай 16-06/ЖТ-Б-15296 (29 күн), Д.Алтынбай 16-06/ЗТ-М-13776 (29 күн),  Д.Алтынбай 16-06/ЗТ-А-13858 (29 күн), Д.Алтынбай 16-06/ЗТ-Б-14392 (30 күн), С.Муратов 16-06/ЖТ-Р-14520 (29 күн ), С.Муратов 16-06/ЖТ-О-15062 (30 күн), С.Муратов 16-06/ЖТ-С-15064 (30 күн), С.Муратов 16-06/ЖТ-Б-15285 (30 күн),  С.Муратов 16-06/ЖТ-Н-15303 (30 күн), С.Мирзакулов 16-06/ЗТ-О-15077(17 күн), С.Мирзакулов 16-06/ЗТ-Н-15556 (18 күн).

жер комиссиясының құжаттарын дайындау және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімімен 8 өтініш бойынша заң талаптарын бұзушылыққы жол берген:

Е.Нуров 16-06/ЗТ-А-13041(25 күн), Е.Нуров 16-06/ЗТ-Т-12919 (29 күн), Е.Нуров 16-06/ЗТ-И-13275 (19 күн), Е.Нуров  16-06/ЗТ-Ш-13738 (29 күн), Е.Нуров 16-06/ЗТ-13740 (29 күн), Ж.Жұмахметов 16-06/ЗТ-К-13418 (29 күн), Ж.Жұмахметов 16-06/ЗТ-А-13543 (23 күн), Ж.Жұмахметов 16-06/ЗТ-Ш-13545 (23 күн).

жеке тұрғын үй құрылысы бөлімімен 1 өтініш бойынша заң талаптарын бұзушылыққы жол берген:

Г.Жеңісқызы 16-06/ЗТ-Ж-13384 (30 күн) санды өтініштер бойынша Заңда белгіленген 15-күндік мерзімнен асырып жауап берілген;

Өтініштің отыз күндік қарау мерзімін сақтамау фактілері:

Заңның 8-бабы 2-тармағына сәйкес «қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады» –деген талабы бұзылып, 3 өтінішбойынша 30-күндік мерзімін өрескел бұза отырып жауап берілгендігі анықталды.

Атап айтқанда, жеке тұрғын үй құрылысы бөлімімен 3 өтініш бойынша заң талаптарын бұзушылыққы жол берген:

П.Куватбеков 16-06/ЖТ-О-12997 ( 34 күн), П.Куватбеков, 16-06/ЖТ-М-12814 (31 күн), П.Куватбеков, 16-06/ЖТ-Т-13024 (34 күн).

Заңының 7 бабы 6-тармағына сәйкес «Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi» делінген талабы бойынша 1 өтініште өрескел бұзылып, тиісті органға қарау үшін жолданғандығы анықталды.

Адвокаттық сұрауларды қарау мерзімін сақтамау фактілері болған жоқ. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 17-бабы 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуіне байланысты өтінішіне он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге міндетті. Басқарма тарапына 4 адвокаттық сұраулар болды, мерзімінде жауап жолданды.

Өтініштерді уақытылы тіркемеу фактілері:

Қағиданың 6-тармағына сәйкес, өтініштерді тіркеу осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес оның қабылдану (келіп түскен) күні жүзеге асырылады делінген. Басқарма тарапында уақытылы тіркемеу орын алмаған.

Өтініш берушіге жауап бермеу фактілері:

Заңның 14 бабы 4 тармағына сәйкес, қабылданған шешiм туралы жазбаша немесе ауызша нысанда дәлелдi жауап алуға делінген. Өтінішке жауап бермей фактілері басқарма тарапынан орын алмаған.

Тікелей жазбаша жүгінген өтініш берушілерге бірегей нөмірлері көрсетілген талондарды бермеу фактілері:

Қағиданың 7-тармағына сәйкес, субъектіге тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне бірегей нөмір көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы талон беріледі делінген. Басқарма тарапына талон берілмеу мәселесі туындамаған.

Бұдан бөлек, Заңның 10 бабы 1 тармағына сәйкес, «Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс» талаптары орындалуда, заң бұзушылық фактілері анықталмаған.

Ұйымдастыру-бақылау және қаржы жұмыстарын жүргізу бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсетпейді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететін нормалар анықталмады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқарма қызметкерлері арасында 2019 жылғы 5 маусымында анонимді сауалнама жүргізіліп, нәтижесі Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевке жолданды. Сонымен қатар қала әкімі аппаратының 2019 жылғы 3 маусымындағы №16-05-11/3913 хатына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру және сақтау бойынша «Парасаттылық декларациясымен» таныстырылды.

2019 жылғы 12 маусым күні басқарма басшысының төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің іс-сапардағы және қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар мінез-құлқы туралы үлгілік жадынамасы талқыланып, әрбір мемлекеттік қызметші арнайы нұсқамалық парақшаға қол қойып, жеке іс-құжаттарына енгізілді.

1. Заң бөлімінің қызметі бойынша мынадай бағыттар талданды.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың 9 айында сотқа жауапкер ретінде 380 іс бойынша қатысып , оның 158 іс сот шешімімен толық қанағаттандырылды, 62 іс бойынша сот шешімімен бас тартылды, 26 іс бойынша сот ұйғарымдарымен қараусыз қалдырылды, 34 іс бойынша ішінара қанағаттандырылды.

Талапкер ретінде Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға  байланысты жер учаскесімен жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша істер саны 48 , оның 9 апелляциялық шағым беру арқылы сот шешімімен толық қанағаттандырылды.

Өз бетінше иеленіп алынған мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін қайтаруды талап ету және жер телімін бастапқы қалпына келтіру туралы 9 іс , оның 5 толық қанағаттандырылды, 4 қараусыз қалдырылды.

Өз бетінше иеленіп алынған мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін қайтаруды талап ету және жер телімін бастапқы қалпына келтіру туралы 7 жер учаскелері мемлекет меншігіне түсті деп сотпен танылды.

Қаралған жалпы   арыз  шағымдар   саны  530,Прокуратура  ұсынысы  мен  наразылығы 11,   ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 8, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 12 хат бойынша жұмыс жасалынып тиісті жауаптары жолданған.

Ар аптаның дүйсенбі күні  басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 2,5,12,13,14,15,23,24 баптарымен таныстыру,сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда хабар беруге және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, оны болдырмауға жұмыс жасау қажеттілігі түсіндірілді. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың жауаптылық жазасы туралы ескертілді.Хаттамалары толтырылып,таныстырылып, жиналуда.

2019 жылдың 9 айы бойынша қала аумағындағы жер балансы

Қала аумағы 116 280 гектарға тең және 4 аймаққа бөлінеді, олар:

Тұрғын үй аймағы- 10481 га немесе 9,01%, оның ішінде: Көпқабатты тұрғын үйлер аумағы 401 га немесе 3,82%; Жеке тұрғын үйлер аумағы 10 080 га (24 га ) немесе 96,17%, әлеуметтік аймақ – 1 337 га немесе 1,14 %, коммерциалық аймақ – 17 092 га немесе 14,69 %, оның ішінде: өндірістік объектілер 2575 га немесе 15,07%, сауда объектілерінің, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету 14 517 га (19 га) немесе 84,93%,өзге де аймақтары – 87370 га немесе 75,13%.

ҚР Жер кодексінің 2 п. 14-1 бабы бойынша, Басқарма өз жауапкершілігі аралығында Әкімдіктің құрылымдық бөлімшесі болып, жер қатынастары айналасында 31 атқарымды орындайды.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жайлы

Мемлекеттік қызметтер тізілімі бойынша, Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасы халыққа жалпы саны 9 844 құрайтын 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен: Жерге орналастыру жобаларын қабылдау5378, Учаскелердің кадастрлық бағаларын қабылдау-210, Учаскелердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша3206, Жер учаскесін алу үшін кезекке қою1037

«Іздестіру жұмыстарын өткізу үшін рұқсат беру» және «мемлекет меншігі болып табылатын сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) орналасқан жер учаскелерді иелену», «іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, жер учаскелерді беру бойынша шешім шығару» қызметтері бойынша Басқармаға  жеке және заңды тұлғалардан өтініштер жіберілмеген.

Жер комиссиясының жұмысы бойынша

2019 жылдың 9 айында  Жер комиссиясының 30 отырысы өткізілген. Оның ішінде жер учаскелерді беру жайында жеке және заң тұлғаларының  4897 арыздары қарастырылған. Олардың 2402 (49,0%) келісіліп қалған 2495 (49,0%) бас тартылған. Сонымен қатар әкімдіктің 3080 қаулысы, оның ішінде иелену, жеке меншікке сатып алу, нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскелеріне алғашқы құқықтар табыстау, жер учаскелерінің пайдалану мерзімін ұзарту және т.б. бойынша 3050 қаулы қабылданған және беруден бас тарту, өзгертулер енгізу немесе пайдалану құқығын тоқтату бойынша 30 қаулы қабылданған.

Бюджет түсімдері жайлы

Шымкент қаласы әкімдігінің қаулы бойынша, учаскелердің сатуынан және жалға беру құқығынан қала бюджетіне түскен түсімдер үшін бақылау күшейген. Қарыздарды төлету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

2019 жылы 9 айы бойынша Әкімдіктің атынан Басқарма 2509 шарт құрған, олардын ішінде: Жер учаскелерді сатып-алу бойынша 534 шарт ; Уақытша қолдану (жалға алу) бойынша 1782 шарт ; Жер учаскелерді жалға беру құқығын сатып-алу бойынша 193 шарт. Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша қала бюджетіне түскен қаражаттың саны 1 043 859 миллион теңгеге жетті.

Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жерлерді алу

Көлік инфрақұрылымы объектілері бойынша, жалпы алаңы 5,09 га,                456,4 млн.теңгеге 97 жер учаскесі сатып алынды. (Қонаев құрылысы үшін,  Н. Назарбаев даңғылының құрылысы үшін, Сыпырған ата көшесін салу үшін, Тәуке хан көшесін салу үшін, Жібек жолы көшесін кеңейту үшін, құрылыс үшін Әл-Фараби). Қонаев даңғылы 2,5-кезеңдерін жалғастыру үшін, Адырбеков көшесін кеңейту, Тұран ш/а 1,2,7 көшелерін салу үшін,жер пайдаланушылардан мемлекет меншігіне алу жұмыстары жүргізілуде);

Көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандары құрылысы бойынша, барлығы 1 млрд 807,4 млн.теңге сомасына 111 жер учаскесі сатып алынды. (Шымкент сити қалашығының құрылысы үшін, Тұран ш/а құрылысы үшін, Ескі қала құрылысы үшін (Цитадель) үшін, Қошқар ата өзенінің жағасына көп қабатты тұрғын үйлер мен көгалдандырылуы жұмыстарын жүргізу үшін, Қошқар ата өзенінің жағалауынан 35 м. дейінгі қашықтықта абаттандыру құрылысы үшін, (жұмыстар жүргізілуде); әкімшілік іскерлік орталығы (ӘІО) бойынша 49,9 млн. теңге сомасына 22 жер учаскесі сатып алынды.

ЖТҮҚ (Жеке тұрғын-үй құрылысы) үшін учаскелерді беру жайлы

2019 жылдығ 9 айы бойынша жеке тұрғын-үй құрылысы үшін кезекке тұрған азаматтар саны 987 құрап отыр. Жалпы осы кезге дейін жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегінде  119 352 азаматтар саны тіркелген.

​​Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің талаптарына және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» 27.03.2015 жылғы № 255 бұйрығына сәйкес, ҚР азаматтар мен оралмандардың өтініштері арнайы есепке алынып, тек инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген бос аумақтардан беріледі.Алайда, қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын алаңшалар Шымкент қаласында жоқ.

Қорытынды

Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасы қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.